«Адамдардың мәйіті мөшекке салынған» - Маңғыстау әкімдігі пікір білдірді (видео)

Oinet.kz 06-07-2020 2004

Әлеуметтік желілерде мәйіттердің денесі салынған мөшектің видеосы пайда болды. Бейнежазбада бұл оқиға Ақтау қаласында орын алып жатқаны айтылады. Бұл деректерге байланысты Маңғыстау облысының әкімдігі түсініктеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz  Stan.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

Бұл видеоның Маңғыстау облысына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты әкімдік.

- "Бұл жалған. Біз бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдейміз. Бұл бейнежазба Ақтау қаласындағы ауруханада түсірілмеген", - деп түсіндірді облыс әкімдігінде.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі біле тұра жалған ақпарат таратқаны үшін адамға Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қауіп төндіретінін еске салды.

Мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл (2,778,000 теңге немесе 6,800 доллар) немесе қоғамдық қызмет атқару немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Әбіш Кекілбайұлының жұбайы өмірден өтті
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жасты еңсерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу