Қазақстанда қанша адам пневмониямен ауырып жатыр?

Oinet.kz 09-07-2020 1122

Денсаулық сақтау министрлігі биыл Қазақстанда пневмониядан қанша адам қайтыс болып, қанша адамның ауырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

- "Коронавирустық инфекция мен пневмония аурушаңдығы мен өлім-жітімі бойынша статистикалық мәліметтерді медициналық ұйымдар күнделікті негізде дайындайды, мәліметтер медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі. Осылайша 2020 жылғы 7 шілдеде 11385 пневмония және 3090 коронавирус жағдайы тіркелді. 2019 жылғы 7 шілдеде 56 пневмония оқиғасы тіркелген болатын", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің жауабында.

2020 жылғы 29 маусым мен 5 шілде аралығында 32083 пневмония және 9402 коронавирустық инфекциясы тіркелді.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың 29 маусымы мен 5 шілде аралығында пневмониядан қайтыс болғандар саны 415 адам, ал коронавирустық инфекциядан 76 адам болды. Пневмониядан қайтыс болғандар саны 2020 жылғы 7 шілдеде 38 болса, коронавирустан қайтыс болғандар саны 17 болды.

Қуат Хамитов Тоқаевқа үндеу жолдады
Әблязовтың сыбайласы делінген тағы біреу сотталып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу