Қарағандылық әйел жоқ пәтерді 39 рет жалға берген

Oinet.kz 17-07-2020 1202

Қарағандылық алаяқ жоқ пәтерді 39 рет жалға берген. Ол алдын ала төлем алған соң клиенттердің нөмірін бұғаттап отыр, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

T9jNm3x6.jpg

Мұндай жүйе арқылы әйел үш миллион теңгеден астам "табыс тапқан". Телеарнаның хабарына қарағанда, қазір іс сотқа жеткен. 

Сондай-ақ оның жерлесері елорда тұрғындарын да осындай жүйе арқылы алдаған. Тек ол жиһаз "сатқан". Тауарды жіберудің алдында ол алдын ала төлемді жасатқан да, жоғалған. "Сатушы" 10 адамды алдағаны белгілі болды.

Елордалықтар ақшаны бөтен біреудің атына аударып отырған. Бірақ еш күмән болмаған. Осылайша, 27 жастағы күдікті ұсталды. Енді ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Журналистердің деректеріне қарағанда, 27 жастағы қыз бұған дейін алаяқтық үшін сотталған.

ШҚО-да қызметін атқару барысында қаза болған кардиохирургтың жесірі оның ерлігі туралы айтып берді
Түркістанда пандемияға қарсы «о2mir» және «shipa» жобалары басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу