​Қостанай облысының тұрғындары індеттің бетін қайтару үшін ерекше әрекет жасады

Oinet.kz 07-08-2020

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғындары індеттің беті қайтса деген ниетпен тасаттық жасаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Жергілікті тұрғындар тасаттық үшін сиырды құрбандыққа шалған.

"Дүниежүзіне аз уақытта жайы­лып кеткен вирус бүкіл адамзатқа қауіп төндірді. Елімізде осы індет­тің құрбаны көбейді. Аллаға жал­барындық, сиыр сойып, тасаттық жа­садық. Алла тілегімізді берсін, ел іргесі мықты болсын, ел-жұрт аман болсын деп тіледік", - дейді ақсақал Нұ­рид­дин Бүкірбаев. 

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен "Отан­дастар қоры" облыстық филиалының белсендісі Қыдыр Өтебаев тасаттық жасауға қаржыны жұрт жинап бергенін айтады. 

"Қалалық мешіт имамымен ақылдаса оты­рып, ел-жұрттан түскен 400 мың тең­геден аса қаржыға алдымен бір сиыр сатып алдық. Оны бата жасап, Алладан жалбары­нып, тілек тілеп, сойып, ауырып тұрған, сорпа қажет ететін адамдарға, тұрмысы төмен, көпбалалы және науқас, мүгедек ба­ғып отырған 45 отбасыға тараттық. Қал­ған 4 отбасыға 10 мың теңгеден бердік. Ар­­­тылған 40 мың теңгені жасанды тыныс алдыру аппаратын алуға қаржы жинаған мешіт имамына өткіздік", – дейді ол. 

42500 теңге әлеуметтік төлем: Тамыз айының жартысына төлем тағайындау басталды
Соңғы бір тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 48 адам көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×