«Күйеуім аузыңды кесіп тастаймын, бензин құйып өртеймін дейді!»

Oinet.kz 08-08-2020 1139

Коронавирус індеті кезінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға артып кетті. Бұған күн сайын әлеуметтік желілерге жарияланып жатқан жанжалға толы видеолар да дәлел. Әйелін сабайтын ер, ұл-қызына қоққан-лоққы көрсететін әке, баласына қатігездік танытатын аналар да азаймай отыр. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_1.jpg

Ажырасқанына 3 жыл болса да Кәмшат Нұғыманованы бұрынғы жолдасы аңдып, қорқытып келеді екен. 4 баласын жетектеген ана қашып әбден шаршағанын айтады. Барар жер, басар тауы қалмапты.  

«Шантаж жасайды. Шашыңды қырқамын, аузыңды кесіп тастаймын. Үстіңе бензин құйып өлтіріп кетемін деген. Онысы тек сөзбен ғана емес, жұмыс орныма қуып келіп скандал шығарады. Оған бүкіл менің жұмыс орным куә. Терезесін шағып кетті жұмыстың. Тұрған жерімді тауып алады», - дейді Кәмшат Нұғыманова. 

Халықтың карантин кезінде ашушаң болып кеткенін психолог мамандар да растап отыр. Мәселені шешу үшін әңгімелесудің орны бөлек екен.

«Конфликтіден қашу жолы тек бір біріңізді есту. Бір-біріңіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру. Егер ол демалысқа қажеттілік болса оны қанағаттандыру. Отбасылық зорлық-зомбылық көбіне неден болады? Адамдар бір бірін ести алмаудан болады. Сонлықтан бірге үйде отырсаңыздар да, бір біріңізді ести алмайтын жағдайлардан қашуға  жағдай жасасаңыздар», - деді психолог Аида Тұрғазы.

Пандемия кезінде әлем бойынша отбасыларда конфликт көбейген. Мына Түркиялық әйелдер қорғау сұрап ұрандатып шығып отыр. Жыл басынан бері бауырлас елде зорлық-зомбылықтан 200-ге тарта әйел көз жұмыпты.

ДДСҰ Қазақстандағы коронавирус пен пневмония статистикасын қосып есептей бастады
Алматы маңындағы көпқабатты үйден шыққан өрттен бес адам зардап шекті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу