Шөкеев Арман Жетпісбайдың арманын орындады

Oinet.kz 10-08-2020 1044

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен бұл қызметке Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы тағайындалды. Осылайша елдің аузында бұған дейін айтылып жүрген болжам расқа айналды. 

image.png

Ресми биографиясы бойынша Арман Жетпісбай 1971 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Куйбышев селосында дуниеге келген. Білімі жоғары. Енбек жолын 1992 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған.  2003-2018 жылдары аралығында «ARNA Корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы мемлекеттік мекемесінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, «ARNA Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы, «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, , «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып жұмыс атқарған.  2018 жылдан бүгінге дейін «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының бас директоры - басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Объектілердің құрылысын жүргізетін компания» корпоративтік қорының бас директоры лауазымдарын атқарып келген.

Oinet.kz сайты бұған дейін Жетпісбайдың Шөкеевтің бірінші орынбасары болып тағайындалады деген болжамға қатысты:

  -Дәл қазіргі уақытта Түркістан қаласының дамуы Елбасының да, президенттің де назарында тұр. Шөкеевке артылған сенім мен міндет өте ауыр. Шөкеевтің арманы осы сенімді абыроймен атқару, кіндік қаны тамған Түркістанды түлету. Мұндай жағдайда ол өзінің бірінші орынбасары қызметіне ең сенімді және құрылыс саласынан хабары мол шенеунікті алып келеді. Арман Жетпісбайдың кандидатурасы осы екі талапқа да жауап беретін сияқты,-деп жазған еді. Арман Жетпісбай Шөкеевтің арманын орындауға қаншалықты ықпал ете ала ма? Өзіне жүктелген сенімді ақтай ала ма?  Ал әзірге Шөкеев Арман Шәріпбайұлының арманын орындады десек артық айтқанымыз емес шығар. Өйткені облыс әкімінің бірінші орынбасары болу Жетпісбайдың карьерасында өте үлкен жетістік, бұрын-соңды отырып көрмеген креслосы. 

Шымкентке төрт жылдан астам уақыт әкім болған жылдары  Арман Жетпісбай сыннан көз ашпаған болатын. Алайда одан бергі аралықта бірнеше жыл өтті.  Осы аралықта экс-әкім қаншалықты тәжірибе жинақтады? Мемлекеттік қызметте қаншалықты ысылды? 

Бәрі де уақыттың төрелігінде дүние.

«Еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды» - Денсаулық сақтау министрлігі
Тоқаев Лукашенконы құттықтай ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу