Назарбаев орталығы немен айналысады?


 thumb_79_716x339_0_0_crop.jpg

Президент Тоқаев-Ақордада, Тұңғыш президент Назарбаев- Назарбаев орталығында отырады. Назарбаев орталығы ресми құжаттарда көп функционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі деп жазылған. Ол 2012 жылы Қазақстан Республикасының «Президенттік мәдениет орталығы» мемлекеттік мекемесінің негізінде Қазақстанда мемлекеттіліктің тарихын жүйелі зерттеу және танымал ету мақсатында көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі болып құрылған. Назарбаев орталығы қызметінің негізгі мәні Қазақстандағы мемлекеттілік тарихын зерттеу мен танымал ету бойынша бірыңғай және белсенді ақпараттық кеңістік құру мен одан әрі жетілдіру болып табылады екен. Осы ғимаратқа көшіп келген соң Назарбаев өзінің кеңсесін құрды. Кеңсеге бір кездері Президент Кеңсесін басқарған Махмуд Қасымбеков жетекшілік ететін болды.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы шешімімен Айдос Үкібай - Елбасының баспасөз хатшысы, Арслан Дәндібаев - Елбасы хаттамасының бастығы, Нұрлан Ыбырайым - Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы, Нұрлан Қаймолдаев - Құжаттама, қаржы және кадрлар бөлімі меңгерушісі, Асқар Молдағаринов- Елбасы басқармасының бастығы хатшылығының меңгерушісі, Эльдар Томашов - Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі болды. Президент өзінің қасына Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін жарты жылдай атқарған Әсет Исекешевті де ертіп кетті. Ол енді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды.

 Тоқаев алғашқы ауыс-түйістерді өзінің аппаратынан бастады. Мемлекеттік хатшы лаузымында бір айдай отырған Бақытжан Сағынтаев Президент әкімшілігінің жетекшісі, ал Марат Тәжин мемлекеттік хатшы лаузамына кірісті. Марат Тәжиннің орнына (Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары) Үкіметтің кеңсесінен Дархан Кәлетаев келді.

Тұңғыш президенттің кеңсесі мен қазіргі президенттің аппараты толықтай жасақталып бітті.

Айтпақшы бұл екі орган бір-біріне бағынбайды. Әркім тек өз басшысының тапсырмасын орындайды.

Screenshot_19.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ​Түркістанда алғаш рет «күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті
  • Полиция департаментіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары жүргізілді
  • Алматы әкімдігінің асханасында тамақтың бағалары неге арзан?
  • Ақмолада 72 жастағы қария 15 жасар жасөспірімді мерт қылды
  • Жанқош Тұраров шаршы алаңға қашан оралады?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика