Тікұшақ апатынан қайтыс болған сарбаздардың отбасына 1 миллион теңгеден көмек беріледі

Screenshot_1.jpg

Маңғыстау облысының әкімдігі Қызылордада тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына миллион теңгеден береді, - деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтаудан Шымкентке бағыт алған тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза болған майор Костыгов Роман Петровичтің отбасына көңіл айтқаны хабарланды. Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінің қызметкерлері. 

"Қайғылы оқиғада қаза тапқан Маңғыстаудағы 30153 әскери бөлімінде әскери міндетін атқарған əрбір отбасыға облыс әкімдігі атынан 1 миллион теңге көлемінде материалды көмек көрсетіледі. Отан алдындағы борышты өтеу кезінде қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті. Егемендікті мәңгі баянды ету жолында шейіт болған жауынгерлердің туған-туыстарына Маңғыстау облысы тұрғындарының атынан және облыс әкімінің атынан қайғырып көңіл айтамын", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов

Screenshot_19.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер дарбаза қақпасы арқылы кіре алады
  • Балабақша тәрбиешілерінің жалақылары көбейе ме? Тоқаев жауап берді
  • Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есе көбейтуді тапсырды
  • Мәдениет және спорт вице-министрі Арыс қаласына келді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Еңбекші ауданы әкімдігінің ұжымымен кездесті