Білім министрі Аймағамбетов карантин режимін бұзды (видео)

Oinet.kz 15-09-2020 2525

Қазақстанның білім министрі Асхат Аймағамбетовтың мектептің ашылу сәтінде бетпердесіз жүрген суреттері желіде жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

image.png

Жүзден астам адамның арасында Асхат Аймағамбетовтың отырғаны анық байқалады. Жиналғандардың басым бөлігі маскасыз отырған. Осылайша еліміздің бас мұғалімі карантинді бұзған. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі олардың бұл іс-шараға ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, әкімдікке хабарласуды сұрады.

- "Іс-шараны мектеп ұйымдастырды. Жеке меншік мектеп. Мектептерді білім беру дирекциясы үйлестіреді. Білім бөлімдері жергілікті атқарушы органдардың құрылымымен, яғни, әкімдікпен келісе отырып ұйымдастырылған. Министрдің қатысуымен өтетін шара министрлікпен алдын ала келісілген жоқ", - дейді білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек. 

Министр Аймағамбетовтың талаптарын ұйымдастырушылар елемеген болып шықты. Министрлік Аймағамбетов барған мектептің басшылығына ескерту жариялаған.  

Расследование в отношении своих заместителей прокомментировал Аймагамбетов

Ашылуға мектеп салған құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев қатысты. Ол әлеуметтік желілерде маскаларды суретке түсіру үшін ғана алып тастағанын жазды.

Денсаулық сақтау министрлігі мектептегі карантинді бұзу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру ашылғанын хабарлады. 

Бурабайда жаңа мектеп ашылып, мектептің ашылуына қатысқандар карантин талаптарын сақтамаған. 

3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады
Ресей Беларуське 1,5 млрд доллар кредит береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу