Tengri Bank лицензиясынан айырылып қалды

Oinet.kz 18-09-2020 882

Tengri Bank банктік және өзге операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім қабылдауға бірнеше себеп бар:

  • пруденциялық нормативтерді бұзу түрінде көрінген Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзуы;

  • агенттік қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауы;

  • агенттіктің банктің меншікті капиталын ұлғайту мақсатында қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдау туралы талаптарын Банктің банк холдингінің орындамауы.

Агенттікте банкті лицензиядан айыру "Tengri Bank активтері мен міндеттемелерінің Қазақстанның банк секторының жиынтық активтері мен міндеттемелеріндегі төмен үлесіне (0,3 пайыз) байланысты" банк жүйесі үшін тұтастай алғанда тәуекелдерге алып келмейді деп сендірді.

Шенеуніктің отбасы мүшелеріне сыйлық жасауға тыйым салынбақ
Министр қазақстандықтарға үндеу жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу