Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маңызды мәлімдеме жасады

Oinet.kz 14-10-2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz   РИА Новости басылымына сілтеме жасап. Бұл жөнінде ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Ницан "Пандемия 2020: қауіп-қатерлер, шешімдер, салдары" тақырыбында өткен халықаралық конференцияда сөз қозғады. 

image.png

- "Коронавирустың түрлері мен формалары пандемияның ешқандай екінші толқыны жоқ екенін көрсетіп отыр", - деді ол. 

Ницанның сөзіншеа, қазіргі уақытта кейбір елдерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өссе, кей мемлекеттерде керісінше азайып жатыр. 

- "Біз осы мәселені апта сайын бақылаймыз, коронавирустың деңгейі төмендеп жатқан елдердің жағдайын зерттеп отырамыз", - деді ұйым өкілі. 

Осы орайда Ницан тағы бір мәселеге тоқталып өтті. Ұйым өкілінің сөзінше, көптеген адам коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсіне бермейді, себебі әлемде халықтың 5 пайызы ғана індеттің ауыр түріне шалдыққан. 

- "Алайда жаңағы 5 процент қатты қиналады, олардың өміріне қауіп төніп тұр. Олардың жағдайы ауыр", - деді Ницан. 

Коронавируспен ауырғаныңызды растайтын бес белгі
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×