Бүгін қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туған күні

Oinet.kz 23-10-2020

Осыдан 98 жыл бұрын (1922 - 1943) Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова дүниеге келген. 

Мәншүк Мәметова: отбасы, соғыстағы ерлігі, ескерткіші - видео

Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан) Орда ауданындағы Жасқұс ауылында туған. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүктің балалық шағы Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өтті. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мектепті бітіріп, медициналық рабфакта, Алматы медициналық институтында оқыды. 1942 ж. тамызда өз еркімен сұранып, Қызыл Армия қатарына алынды. Алғашында штаб песірі, кейіннен дала госпиталінде медбике болды. Институтта оқып жүргенде мергендікке үйренген Мәншүк бос кезінде «Максим» пулеметінің құрылысын зерттеді. Өзі сұранып, атқыштар дивизиясына қосылып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. 1943 жылғы 15 қазанда Калинин майданының әскерлері құрамында Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Денесі Невель қаласына жерленді. Батыр қызға қаза тапқаннан кейін, 1944 жылғы 1 наурызда СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Түркістан облысында ауыл тұрғындары шу шығарды (видео)
Бүгін Асқар Маминнің туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×