Бүгін Асқар Маминнің туған күні

Oinet.kz 23-10-2020

Осыдан 55 жыл бұрын, яғни 1965 жылы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин дүниеге келді. 

image.png

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист. 

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. 

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі (2000-2002), «Инком-Астана» ЖШС бас директоры (2002-2003), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі (2003-2004), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі (2005-2006), Астана қаласының әкімі (2006-2008). 2008 - 2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2016-2019) қызметтерін атқарды. 1998 жылы - «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы - «Құрмет» орденімен, 2011 жылы - екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы - Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы - Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі орденімен марапатталған. 2011 жылы - Астана қаласының Құрметті азаматы, 2012 жылы - Құрметті теміржолшы, 2013 жылы - Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.

Марапаттары:

- «Ерен еңбегі үшін» (1998) медалі

- "Құрмет" ордені (2006)

- 2 дәрежелі «Барыс» ордені (2011)

- «Астанға 10 жыл» мерекелік медалі (2008)

- 3 дәрежелі Әулие Маниил Московский князі ордені (РПЦ, 2010) (Ресей Федерациясы)

- Құрмет легионы ордені (2013) (Француз Республикасы)

- Мойындау кресті гранд-офицері (2013) (Латвия Республика)

- "Азаматтық қызметі үшін" орденінің үлкен кресті (2014) (Испания корольдігі)

- Астана қаласының Құрметті азаматы (2011)

- Құрметті теміржолшы (2012)

- Қазақстанның құрметті құрылысшысы (2013)

Бүгін қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туған күні
Қазақстандық студенттер мен оқушыларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×