Түркістан облысындағы ауыл әкімдігі «сервистік» үлгіде қызмет атқаруда

Oinet.kz 06-11-2020 561

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен  халыққа барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында ел аумағында  мемлекеттік органдардың жұмысы «сервистік»  форматқа көшіріліп,  бүгінгі күні  тұрғындардың кедергісіз қызмет алуы жүйелі жүзеге асырылып келеді.  

image.png

Бұл бастама  киелі өңірде де қарқын алып, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және  сыбайлас жемқорлықтың туындауын болдырмау мақсатында  Отырар ауданына қарасты Темір ауылдық округінде ашылған болатын.

Осыған орай, бүгін  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы ауданда орналасқан  Темір ауылдық округіне арнайы ат басын бұрып, ауылдық сервистік әкімдіктің қызметімен танысты.   

Жергілікті тұрғындарға ашық қызмет көрсететін аталмыш «сервистік әкімдіктің»  жұмыс барысымен танысқан Ғанижан Асанұлы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы қызмет алудың тиімділігі мен ақпараттандырудың өзектілігін, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алу тұрғындар үшін тиімді тетік екенін атап өтті. 

Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында ашылған сервистік әкімдікте бүгінгі күні анықтамалық, электронды қызмет көрсету және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен қамтамасыз етілген.   

Бүгінгі күні ауыл тұрғындары әкімдік мамандарынан «сервистік» үлгіде кедергісіз қызмет алуда.

АҚШ: Невадада 10 қарашаға дейін бюллетеньдер қабылданады
Қазақстанда коронавирус жұқтырушылар күн санап артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу