Пашинян: Елімізді тонаған олигархтардың түбіне жете алмадық

Oinet.kz 12-11-2020 750

Ереванда орталығына бірнеше мың адам жиналып, үш ел басшысы қол қойған мәлімдеменің кей тармақтарына қарсылық білдірді. Наразы топ полиция кордонын бұзып өтіп, үкімет үйі мен Парламент ғимаратына басып кірді де, терезелерді шағып, ғимарат ішін астан-кестен қылды. 

image.png

Олар "жерімізді бермейміз" деп ұрандатты. Парламент спикері Арарат Мирзоянды соққыға жықты. Салдарынан спикер ауруханаға түсті. Сондай-ақ елдегі 17 оппозициялық партия Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. Халық наразылығына қатысты пікір білдірген Пашинян қазіргі жағдай үшін алдыңғы үкіметтердегі жемқорлық кінәлі деді. "Біз кек алуға дайындалуымыз керек. Біз жемқорлықпен, елімізді тонаған, сарбаздарымыздың азығы мен қаруын ұрлаған олигарх жексұрындардың түбіне жете алмадық ", деді Пашинян. Армения үкіметінің қазіргі басшысы 2018 жылғы жаппай наразылық кезінде жемқорлықты жоямын деп билікке келген болатын.

Ал Армения президенті Армен Саркисян Қарабақ бойынша үшжақты мәлімдеме туралы баспасөзден білгенін және бұл мәселені талқылауға қатыспағанын айтқан. "Ресей мен Әзірбайжан президенттерімен Қарабақ соғысын тоқтату туралы мәлімдемеге қол қою туралы баспасөзден білдім. Сондай-ақ, баспасөзден соғысты тоқтату шарттары туралы білдім. Президент ретінде, өкінішке қарай, менімен осы құжат бойынша кеңесу немесе талқылау болған жоқ. Мен ешқандай келіссөздерге қатысқан жоқпын", - делінген Саркисянның президент сайтындағы мәлімдемесінде.

Таулы Қарабақ: Келісімге келді
Коммунистер коммунизмнен неге бас тартты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу