Таулы Қарабақ: Келісімге келді

Oinet.kz 12-11-2020 669

Ресей президенті Владимир Путин, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісімге келді.  Яғни шамамен 50 күнге созылған қақтығыс аяқталған сыңайлы. 

image.png

Келісім бойынша тараптар мынадай мәміле жасасқан: 10 қарашадан бастап аймақтағы қақтығыс толықтай тоқтатылады. Әзірбайжан мен Армения әскерилері өз позицияларында қалады.  Тараптар әскери тұтқындармен алмасады.  Армения 15 қарашаға дейін Әзірбайжанға Кельбаджар ауданын, 1 желтоқсанға дейін Лачинский ауданын қайтаруы тиіс, бірақ Лачинский дәлізін өзінде қалдырады, бұл Таулы Қарабақтың Армениямен байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 20 қарашаға дейін Ереван Бакуге Агдамский және Газахский (бір бөлігін)  аудандарын тапсыруы тиіс.  Таулы Қарабақтағы шектесу сызығы мен Лачинский дәлізінің бойына ресейлік бітімгер әскерилері орналастырылады: 90 бронетранспортеры, 380 көлік және арнайы техникасы, атыс қаруы бар 1960 әскери.   Бітімгерлік контингенттің сол аймақта қалу мерзімі 5 жыл және ахуал тұрақтамаса тағы бес жылға созылады.  Келісімнің орындалуын бақылау үшін бітімгерлік орталығы ашылады. Алдағы 3 жылда Степанакерт пен Армения арасындағы байланысты қамтамасыз ететін Лачинский дәлізі бойынша жаңа қозғалыс маршрутын салу жоспары белгіленуі керек. Жер аударған адамдар мен босқындар БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқаруымен Таулы Қарабақ пен оған іргелес аудандарға оралуы тиіс. Аймақтағы барлық экономикалық және көлік байланыстары жандануы қажет. Армения Әзірбайжанның батыс аудандары мен Нахичеван автономиясы арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етуге уәде берді. Ресейлік шекарашылар осы байланысты бақылайтын болды. Бұдан бөлек Әзірбайжанның негізгі аумағын Нахичеван автономиясымен байланыстыратын жаңа көлік байланысының құрылысы жоспарланып отыр.

Жасалған келсімдерге сәйкес Таулы Қарабаққа ресейлік бітімгер сарбаздар мінген алты Ил-76 ұшағы қонды. Аймаққа 1 960 сарбаз және 470 техника жеткізілуі тиіс. Ресейлік бітімгер контингентінің дені Самара облысына дислокация жасалған 15-жеке мотоатқыш бригадасы мүшелерінен құралған. 2008 жылы аталған бригада грузин-абхаз қарулы қақтығысы аймағында бірқатар тапсырмалар орындаған. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің айтуынша, Ресейдің бітімгер сарбаздары Түркия әскерилерімен бірігіп әрекет етеді, алайда дүйсенбі күні келісілген құжатта бұл жағы көрсетілмеген. Таулы Қарабақтың де-факто үкіметі қыркүйектен бері 1221 әскери қайтыс болғанын мәлімдеді. Әзірбайжан соғыстан қанша сарбаз қаза тапқанын жария етпей отыр.

Праймеризге қатысушылар Кентаудың проблемасын талқылады
Пашинян: Елімізді тонаған олигархтардың түбіне жете алмадық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу