Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы туралы мәлімдеме жасады

Oinet.kz 25-11-2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңгеден аса қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды  Oinet.kz тілшісі.

image.png

- Біздің бағдарламада төрт негізгі артықшылық бар. Әр азаматқа өз әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер беру керек. Мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуі қажет. Ең бастысы - әлеуметтік әділеттілік. Сондықтан біз мұқтаж жандарды қолдауға көп көңіл бөлеміз, - деді Тоқаев Nur Otan съезінде.

Президент әлеуметтік саясатты жүргізу кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар күшейтілетінін айтты.

 - Алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 триллионнан аса теңге бөлінетін болады. Ынтымақты зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстеледі. Сонымен қатар, біз мұны инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні
Қазақстанда Назарбаев университеті тәжірибесімен тағы екі ЖОО құрылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×