Қырғызстан соты Атамбаевқа қатысты үкімнің күшін жойды

Oinet.kz 01-12-2020 671

Қырғызстанның жоғарғы соты мемлекеттің экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты үкімнің күшін жойып, оның ісін қайта қарауға жіберді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

- Алдыңғы екі инстанция үкімінің күші жойылды. Іс Первомайский аудандық сотына қайта қарауға жіберілді, - делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, аудандық сот Алмазбек Атамбаев қылмыс серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатты деп айыптап, 11 жылға бас бостандығынан айырған еді. Бұл үкімді Бішкек қалалық соты да бекіткен. 

Айта кетейік, Батукаев ел ішінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін 16 жылға сотталған болатын. Қақтығыстар кезінде депутат Тынычбек Акматбаев, жазаны орындау басқармасның басшысы Икматулла Полотов мен екі парламент мүшесі қаза болған. Ал 2013 жылы Батукаев қанында қатерлі ісік табылғандықтан түрмеден босатылыпты. Іс материалдарына сүйенсек, қылмыскердің босатылуына жоғарыда отырған шенеуніктер, оның ішінде экс-президент Атамбаевтың да қатысы бар екені анықталған. 

2017 жылы Алмазбек Атамбаев сайлауда жеңіліске тапқан. Сол жылы Қырғызстанда билікке Сооронбай Жээнбеков келгеннен кейін Атамбаев қудалауға ұшырап, пара алды деген күдікке ілінген. Алайда шенуніктің өзі бұл саяси қудалау екенін жеткізген. 

Бүгін Тұңғыш Президент күні!
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу