" /> " /> " /> "Ардагерлерді ардақтаймыз"-Жаңалықтар

"Ардагерлерді ардақтаймыз"

Oinet.kz 31-01-2020 632

Screenshot_1.png

Бүгін "Nur Otan" партиясы Арыс қалалық филиалының қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткер ЖақсыбекСәрсенбеков партияның "Өзгерістер жолы: Әр адамға лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасын насихаттау  мақсатында, Арыс қаласының "Ардагерлер" ұжымында болып, кездесу өткізді. Кездесу барысында ардагерлердің алдағы уақытта әлеуметтік қолдауларға кедергісіз қол жеткізуіне "Nur Otan" партиясы ықпал ететіндігі айтылды. Алдағы сайлау мерзімінде аумақта халықтың өмір сүру сапасын дамыту мен мемлекеттік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған партияның  жеті басымдығымен:

1. Экономикалық тұрақты қала;

2.  Ыңғайлы қала; 

3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған қала;

4. Жастар қаласы;

5. Мәдениеті мен тарихы бай қала;

6. Ашық және есепті жергілікті органдары;

7. Қауіпсіз қаламен егжей-тегжейлі таныстырып және  сайлау мерзімінде партия  аумақтың дамуына, халықтың өмір сүру сапасына  байланысты ардагерлердің ұсыныс-пікірлерін үнемі назарда ұстайтынын айтты. Әдеттегідей қазіргі таңда нағыз халықтық партия ретінде өзінің сайлауалды бағдарламаларын  жүйелі түрде жүзеге асырып жатқан  "Nur Otan" партиясы халықтың қолдауына лайықты. Осыған орай Жақсыбек Әбдетұлы сайлаушыларды келер жылдың 10 қаңтар күні партияға дауыс беруге шақырды.

2020 жылы Айнұр Тұрсынбаева Қазақстанның "Жыл адамы" атанды
Түркістан–Мақтаарал: Партия агро саланы көтеруге ниетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу