Головкин «дивизион королі» атағы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

Oinet.kz 14-01-2021 758

Жақында ғана орта салмақтағы WBA уақытша чемпионы Крис Юбенкпен жұмыс істей бастаған неміс промоутері Калле Зауэрланд IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті. Оның айтуынша, Головкинмен жекпе-жек олардың тізімінің басында тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

головкин.jpg

Зауэрланд Головкинмен жекпе-жекті орта салмақта өткізуге болатынын айтады

- Адамдар жас немесе басқа нәрсе туралы айтады. Головкин желтоқсанда кәрі көрінген жоқ. Тіке айтайық - ол соңғы он жыл ішінде орта салмақтағы көшбасшы, - деді ол Boxingnews24.com басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Головкин аңызға айналды.

- Меніңше, бұл жекпе-жек Ұлыбританияда немесе АҚШ-та өтуі мүмкін. Бұл ауқымды кездесу болмақ, - деді Калле Зауэрланд.

Елбасы кітапханасының директоры қызметінен босатылды
Дональд Трамп видеоүндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу