«Фактімен сөйлеңдер» - белгілі айтыскер Бауыржан Байбек туралы (видео)

Oinet.kz 10-02-2021 1188

Белгілі айтыскер-ақын Айбек Қалиев Бауыржан Байбектің айтыс өнеріне деген байланысы туралы баяндады. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлымен сұхбаты барысында айтты. 

Байбек пен Қалиев.jpg

- Байбектің маған ұнаған бір сөзі болды. Ол кісі айтыстың алдында кездесу жасаған кезінде сендер айтыңдар, қандай мәселе бар айтыңдар. Бірақ, фактімен сөйлеңдер, біздің "Нұр Отан" сонымен жұмыс жасау керек. Сендер айтқан соң қорытынды шығаруымыз керек - деген сөзі ұнады. Өзің айтып отырған Алматыда айтыстың үстінде өзі келіп отырды ғой. Сол кезде Алматының біраз проблемасын айтып, бәрі болмаса да біраз проблемасы шешілгенін естідік. Сол уақыттан бастап білмеймін неге екенін, ол да мені жақсы көріп кетті ғой деймін. Айтыста бір ерекше қолымды алады әйтеуір. Бұл абырой емес, сөзіміздің қорытындысын шығаратын адамдардың бар екенін сезіну абырой - дейді Айбек Қалиев.

Үшінші мегаполисте «Шымкент жастар лигасы» жобасы басталады
Енді Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу