«Оны таза саяси себеппен қудалады» - Қосанов Әкежан Қажыгелдин туралы айтты

Oinet.kz 19-02-2021 1043

Белгілі саясаткер Әміржан Қосанов экс-премьер министр Әкежан Қажыгелдинмен қазіргі қарым-қатынасы туралы баяндады. Бұл туралы ол "Рейтинг" газетіне берген сұхбаты барысында айтты. 

Әкежан мен Әміржан.jpg

– Ол кісімен байланыс үзілген жоқ. Әрине, саясат болған соң, кей мәселе бойынша тактикалық пікірталастар боп қалады. Оның да, менің де өз түсінігім бар ғой.  Қажыгелдин – реформа жасаған үкімет басшысы болған адам.  Кез келген реформа оңай өтпейді, оның жақтастары мен қарсыластары болады. Ең бастысы ол кісі шешім қабылдап, жауапкершілікті өз мойнына ала алатын премьер еді. Қазіргі үкіметте бәрі: «мұның бәрі Елбасының не Президенттің шешімі», – деп бар жауапкершілікті жоғары жаққа аудара салатын қиын жағдайда дәл Қажыгелдиндей тұлғалар жетпейтіні көрініп-ақ жатады. Оған тағылған айыптарға қатысты ол кісі өз түсініктемесін кезінде берген. Өз басым оны таза саяси себеппен қудалады деп санаймын - дейді Әміржан Қосанов. 

Әңгімелескен Мария СӘУЛЕБЕКҚЫЗЫ

Илон Маск әлемнің ең бай адамы атағын қайтарып алды
Американың Perseverance марсоходы Марсқа қонды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу