Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцина қашан шығатынын айтты

Oinet.kz 31-03-2021 671

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцина туралы түсінік берді.

Алексей Цой.jpg

- Қазақстандық вакцина клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінде, яғни вакцина регламенттік мерзіммен зерттеліп келеді. Атап айтқанда, клиникалық зерттеудің барлық кезеңінен өтетін кез келген вакцина осы рәсімнен өтеді. Уақыт бойынша бұл вакциналар ұқсас мерзімде зерттеумен қамтылады. Отандық вакцинаның сынақ мерзімі аяқталуға жақындады, осы орайда тиісті құжаттарды алғаннан кейін, оны екпе күйінде өткізуге рұқсат етеміз деп жоспарлап отырмыз. Шамамен, сәуір айының соңы белгіленген. Клиникалық зерттеудің қорытындысы бойынша әзірлеуші бізге барлық құжаттарды енгізеді деп күтіп отырмыз. Осы құжаттардың нәтижесінде шешім қабылданып, вакцина жаппай пайдалануға рұқсат етіледі, - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, жалпы КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өскенін айтты. 

- Халық арасында вирустың қауіптілігіне сенбейтін адамдар бар, олар үйлену тойларын, банкеттерді жеке үйлер мен коттедждерде өткізуді жалғастырып келеді, - деді министр. 

Әкімнің қызы Тоқаевқа маңызды үндеу жолдады (видео)
«Олардың басты мақсаты – қазақтың тірегін шайқалту» - Бекболат Тілеухан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу