«Вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін» - Тоқаев

Oinet.kz 09-04-2021 812

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін жеңу үшін вакцина егуден басқа жол жоқ екендігін айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

ТОКАЕВ.jpg

Оның айтуына қарағанда, мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдау кезінде халықты жаппай вакциналауды жеделдету үшін біріншіден, нарыққа вакцинаны тиісті мөлшерде жеткізу керектігін, екіншіден, халыққа екпе салдырудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтқан.

- Қазір жұрттың көпшілігі бұл шараның маңыздылығын толық түсінбей жатыр. Әрине, біз вакцинаны тегін саламыз. Сондықтан мен өзім де вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін, – деді Тоқаев.

Алматылық келіншек он төртінші сәбиін өмірге алып келді (фото)
«Дабыл! Мұғалімдердің арасынан өлім көбейіп жатыр» - Алматылық мұғалім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу