Жазушы қыз Аягүл Мантай өмірден өтті

Oinet.kz 29-07-2021 4007

Жас жазушы Аягүл Мантай өмірден өтті. Бұл туралы Серік Әбікенұлы Facebook парақшасында хабарлады. 

225521613_4222591474483074_46620583233036352_n.jpg

"Өмірі кездеспеген, тек сырттай сыйласқан, алыстағы жақыным бола білген жан еді Аягүл. Аға, қалыңыз қалай? деп оқтын-оқтын хабарласып, жағдай сұрап, пікір айтып тұратын. Бейсекеңнің көкесі Абай аға ауырып, Ресейге емделуге барғанда Аяш "Не көмек?" - деп жанұшырапты. Ағаның сорпа-суын тасып, жат елдегі жадау көңіліне әңгімесімен шипа болды. Сол қарындасымыз бақиға аттанды дегенді оқып... Алла алдыңнан жарылқасын, қарындасым! Зор талантыңның шырағы ерте сөнді-ау" - деп жазды Серік Әбікенұлы.

Аягүл Мантай Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген. 2009 жылы “Жалын” баспасынан “Жаңбырлы көктем” атты әңгімелер жинағы жарық көрген. Ол “Серпер” Жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқаи атындағы әдеби байқаудың жүлдегері. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері.

Қарағандылық жігіттер ЛГБТ өкілдерін қуып шықты (видео)
Соңғы тәулікте 7 778 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу