Данияр Елеусінов қазақстандық боксшыларды қатаң сынға алды

Oinet.kz 30-07-2021

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Токио Олимпиадасындағы боксшылардың дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  "Жетінші арнадағы" "Студия 7" бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Ол боксшылардың дайындығын сынға алды. 

"Басқа елдерде боксшылардың деңгейі әлемдік үрдістермен бірге өсіп келеді. Ал біз Кеңес Одағы деңгейінде тоқтап қалдық. Мысалы, біздің спортшылар қашықта қалай жұдырықтасу керегін біледі, бірақ көбіне қарсылас жақындаған кезде не істерін білмей қалады. Мұндай жағдайда біздің боксшылар құшақтасып алады. Бұл техника емес. Соққы жасау үшін техниканы шыңдау керек, секірмеуді және тепе-теңдікті жоғалтпауды үйрену маңызды. Төзім мен жылдамдық керек", – деді Данияр Елеусінов.

Олимпиада чемпионы Ибраимов Абылайхан Жүсіповтың не үшін жеңілгенін түсіндірді
Қалмұханбет Қасымов отставкаға кетті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×