Қалмұханбет Қасымов отставкаға кетті

Oinet.kz 30-07-2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

Screenshot_1.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді.

Айта кетейік, Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1979-2005 жылдары ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы қ., Астана қ. және Алматы облысы).

2005-2009 жылдары – ҚР Ішкі істер вице-министрі, бірінші вице-министрі.

2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығы.

2011-2019 жылдары – ҚР Ішкі істер министрі.

2019 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

2020 жылдан бастап Мемлекеттік күзет қызметі бастығы болды.

Данияр Елеусінов қазақстандық боксшыларды қатаң сынға алды
Айжан Байзақова анасына өте қымбат көлік сыйлады


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×