Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада үш медаль жеңіп алды

Oinet.kz 16-08-2021 997

Қазақстандық оқушылар география пәнінен өткен Халықаралық олимпиадада үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram парақшасында хабарлады. 

олимпиада.jpg

- Сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Оқушыларымыз география пәні бойынша Халықаралық олимпиадада 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік байқауға әлемнің 46 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстанның атынан Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда қаласынан 4 оқушы білімдерін сынады.

Ұлттық құрама сапында Валеев Рустам алтын, Тазабек Еркебұлан күміс, Сапарбеков Ерасыл қола медальға ие болды. Биыл оқушылар өз рекордтарын жаңартты.

Олимпиада жүлдегерлерін жоғары нәтижелерімен құттықтаймын! Бұл сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен білімдеріңіздің және өздеріңізге деген сенімділіктің нәтижесі. Сіздерге қолдау көрсеткен мұғалімдер мен жаттықтырушыларға және ата-аналарға алғыс айтамын. Сіздер еліміздің намысын халықаралық деңгейде лайықты қорғадыңыздар. Біз өз тарапымыздан медальдардың саны жыл сайын ұлғаюы үшін жағдай жасауды жалғастырамыз.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын қолдау бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау үшін біз заңнамалық өзгерістер дайындадық және қабылданған шаралар туралы жақын арада хабарлаймыз. Халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне толағай табыс тілеймін! - деп жазды министр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Askhat Aimagambetov (@aimagambetov)

Тәліптер Ауғанстан Ислам Әмірлігін құрады - БАҚ
Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты тағы бір кеңес өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу