Танысына сеніп қалған шымкенттік 50 бас жылқысынан айырылды

Oinet.kz 13-10-2021 1190

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтық жасаған азаматтың қылмысын әшкереледі деп хабарлайды Polisia.kz. 

Screenshot_1.jpg

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. 

Ол өз арызында, танысы мал сатумен айналысамыз деп серттесіп, 50 бас жылқысын алып сатқанын, алайда оның не ақшасын, не малын қайтармағаны туралы жазып, көрсетеді. 

Осылайша алданып қалған тұрғынға келген шығын көлемі шамамен 13 млн теңгені құрап отыр. 

Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған. 

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының 40 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. 

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары алаяқтық жолмен алынған ақшаны ер адамның өз қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер, Сіз, алаяқтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, “102” нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз. 

Жас жігіт алматылықты пышақтап, 10 миллион теңгесін жымқырған
Спорт саласының ардагерлерімен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу