Қонаевты емдеген танымал кардиолог Евгений Чазов қайтыс болды

Oinet.kz 13-11-2021 692

Әйгілі кеңестік және ресейлік кардиолог, Ресей Ғылым академиясының академигі Евгений Чазов 92 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жазылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Бұрынғы КСРО кеңістігінде және шетелде жоғары дәрежелі саясаткерлердің бірнеше ұрпағы Евгений Чазов басқарған КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің 4-бас басқармасына емделуге баратын. Олардың арасында - Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев және КОКП ОК бас хатшысы Леонид Брежнев те бар.

РИА Новости ақпараты бойынша, 2002 жылы Евгений Чазов Қазақ ұлттық медицина университетінің құрметті профессоры атанды.

- "Осылай көңіл бөліп жатқандарыңыз ерекше ұнайды, бұл маған жас кезімдегі республикадағы жұмысымды, қазақстандық көшбасшы Дінмұхамед Қонаевты емдеген кезімді еске түсіреді", - деген еді Чазов. 

Лента.ру мәліметінше, ғалым миокард инфаркті бар науқастарды емдеудің жаңа әдістерін енгізді, Ресейде, ТМД елдерінде және алыс шетелде әлі де қолданылатын тромбоздарды емдеудің тәсілдерін жасаған. Академик тромб ерітетін, яғни фибролизин препаратын өзіне сынап, тәжірибе жүргізген. Тромболитикалық терапия мыңдаған адамның өмірін сақтап қалған. Осы жұмысы үшін Чазовқа 1982 жылы Лениндік сыйлық берілді.

Чазов 2008 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптамалық кеңесінің мүшесі және Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің бас кардиологы болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырушылар саны 955 мыңнан асты
Lexus мінген полицей қарсы жолаққа шығып кетіп, автобусты соқты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу