Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау-перзенттік борышымыз

Oinet.kz 24-12-2021 1256

Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар әлі де болса ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр.

Screenshot_2.jpg

 Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев биыл жариялаған 

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласында:

«Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.   «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік.  Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді. Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды.  Тарихымыз сан мың жылдан тамыр тартатынын айғақтайтын жаңалықтар ашылды. Елбасының осындай іргелі бастамалары халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты. Бағдарлама аясындағы еңбектер том-том болып жарыққа шықты. Дегенмен, сол қажырлы еңбектің жемісін көпшілік көріп отыр ма? Зерттеу жобаларының біразы ғылыми институттар мен орталықтардың аясында ғана қалып қойған жоқ па?»-деген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия  және өңірлерден құру туралы тапсырмасы жүзеге асуда. 

Осыған орай Түркістан облысының  әкімдігінің 2021 жылғы  14 қаңтардағы қаулысына сәйкес «Саяси қуғын -сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде өңірлік комиссиясының дербес құрамы бекітілді. Жұмыс жүргізу  үшін облыстық  жұмысшы тобы құрылды. Аталған жұмыс тобымен саяси қуғын сүргін құрбандарын толық ақтаудың мақсаты мен  міндеттері  талқыланып, іс шаралар жоспары бекітілді.  

2021 жылдың сәуір айында Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві жанында 1920-1950 жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырағандарды толық ақтау жөніндегі құрамы 8 адамнан тұратын Жұмыс тобы құрылып, ең алдымен Сабыр Қасымов жетекшілігіндегі Методология бойынша кіші комиссия даярлаған Әдістеме және Нұсқаулықтармен танысты, міндеттер мен мақсаттар анықталып, жұмыс жоспары құрылды. 

Архив құжаттарын  зерделеу барысында большевиктер диктатурасы мен тоталитаризмнің өзгеде қылмыстарына қарсы наразылық халық қозғалыстары, Созақ, Бостандық көтерілістер туралы құжаттар айқындалды.  

Түркістан облысы мемлекеттік қоғамдық-саяси тарихы архивінің 28-ші, 31, 16, 17, 23, 26, 29, 40 қорлары және Қазақстан Коммунистік партиясының аудандық комитеттері  бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 

Кулактар мен байларды, орта шаруалар шаруашылығын тәркілеуге негіз болған 1926-1930 жылдар аралығындағы нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттар іздестірілді және айқындалды. Атап айтқанда: «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» декреті; «Бай шаруашылықтарын тәркілеу туралы»декреті; «Аса ірі және жартылай феодал байларды тәркілеу мен жер аударуға қарсы әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы»декреті; «Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактар мен байларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» декреті негізінде тәркілеу іске асырылған болатын. 

Жер аударылатын байлардың малын тәркілеуге қатысты (малдың түрлерін ірі қараға балап есептеу туралы), 1928 жылдың 27 тамызында Қазақстанның комиссарлар кеңесінің  арнайы Қаулысы қабылданған болатын. «Кулак шаруашылықтарын жою жөніндегі шаралар туралы» декретке сәйкес бай- кулактар үш санатқа бөлінді. «Контрреволюциялық белсенділер; «бай-кулактар» аталып, қамауға алынды, КСРО-ның шалғай жерлеріне көшірілді немесе арнайы жаңа жерлерге қоныстандырылды. «Қазақстанның кеңес комитеті мен Комиссарлар кеңесінің  «Жер   аударылатын елді-мекендер туралы»  (27.08.1928) Қаулысымен, Мысалы, Жетісу мен Сырдария округінен тәркіленгендер Орал(Теке) округіне, Семей округінен Сырдария округіне жер аударылды. 

Мысалы, Сырдария округі бойынша  1928-1929 жылдары Созақ, Түркістан, Жаңақорған, Мерке, Қарспан, Талас, Шаян, Бадам, Қызылқұм, Келес, Қаратас, Үрджар,Түлкібас сияқты 13 ауданнан 1-санатта 101 бай-кулактар мүлкі тәркіленсе, екінші санатқа 9 адам іліккені айқындалды. Сырдария округының Түркістан уезінің Созақ,  Шағатай, Қарнақ, Шілік болыстары бойынша осы кезеңде тәркіленген байлар мен жартылай байлар  саны - 113 адам. 1928-1930 жылдардағы тәркілеу науқанына қатысты құжаттар қаралып, 460 парақ көлемінде құжаттардың көшірмесі алынды. 

Қуғын-сүргінге ұшырап, сотталған байлар, орта шаруалар, кулактар тізімі, не үшін сотталғаны, жаза түрлері мен мерзімі айқындалды. Атап айтқанда: астық даярлау бойынша тапсырманы орындамағаны және егін науқанынан мүлде бас тартқаны, артық дәнді өткізбегені, ет даярлау бойынша тапсырманы орындамағаны, үгіт жүргізгені үшін сотталған  (3-5 жыл) және тапсырмаға қарсы шыққаны үшін республикадан тыс жер аударылған. 

1930-1931 жылдары Созақ ауданынан басқа қалалар мен республикаға кеткен 35 қожалығы, оның ішінде  8  орташа,  27 бай-кулак  қожалығы айқындалып нақты тізімі жасалды. Олар Ташкент, Бұқара, Әндіжан, Жалалабад, Шымкентке қоныс аударған. 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне және Орталық мемлекеттік архивіне, Өзбекстан Республикасында  қызметтік іссапарлар жасалынды. Зерттеу жұмыстары барысында  Сырдария округі бойынша мал-мүлкі тәркіленген бай-кулактардың жалпы саны және қай категорияға жатқызылғандығы туралы мәліметтер, Оңтүстік Қазақстан облысының  әскери тұтқында болған жауынгерлердің тізімі т.б. құжаттар көшірмелері алынды. Бұдан бөлек мыңдаған адамдар қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды 1928-1934 жылдары тоталитарлық биліктің қысымымен саяси куғын сүргінге ұшыраған Оңтүстік өңірінен, оның ішінде Шаян ауданынан ауа  Өзбекстан, Тәжікстан республикаларына барып қоныстанғаны белгілі.  Азаматтардан сұранарымыз ата бабалары жайлы  деректер, естеліктер болса хабарласа.  Қортындылай келе айтарым, өткен тарихымызды білмеу -Тәуелсіздік  қадірін түсінбеумен парапар. Ендеше ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз,  қуғын сүргінге ұшыраған ата бабаларымыздың алдындағы перзенттік борышымыз деп білейік!

Шардарбекова Гүлнар Сәдібекқызы,

Түркістан облысының  қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві директоры,

Түркістан облысы бойынша қуғын-сүргін құрдандарын ақтау жөніндегі жұмысшы топтың жетекшісі

Журналист қуаңшылық кезінде жанұшыра қызмет еткен Құрметке үй алып беруді ұсынды
Омикрон-штамм әлемнің 110 елінде анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу