Қазақстан әлемдегі ең бақытты бес елдің қатарына енді

Oinet.kz 29-12-2021 807

Қазақстан 2021 жылы бақытты халық индексі ең жоғары әлемдегі бес елдің қатарына енді. Мұндай мәліметтер Gallup International тәуелсіз зерттеу агенттігі халықаралық қауымдастығының жаһандық сауалнамасында келтірілген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі finanz.ru сайтына сілтеме жасап.

image.png

Бақыт индексі - бұл бақытты және бақытсыз адамдар арасындағы айырмашылық. Gallup International сауалнамасына дүниежүзіндегі 44 мемлекет пен 41 560 адам қатысты.

Сауалнамада бақыт индексінің максималды мәні Колумбияда (+79 пайыз), Қазақстанда (+76), Албанияда (+74), Малайзияда (+73) және Әзірбайжанда (+70) тіркелген.

Бақыт индексінің ең төменгі мәндері Ауғанстанда (+9), Гонконгта (+11), Иракта (+17), Ресейде (+18) тіркелді.

Зерттеу авторларының айтуынша, дәстүрлі түрде Латын Америкасы, Африка және Шығыс Азия елдері тұрғындардың пікірінше ең бақытты аумақ болып саналады. Ал Еуропа, Таяу Шығыс және Ресей әрқашан төменгі топта. Жетекші елдер, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Германия орташа әлемдік деңгейден сәл төмен нәтиже көрсетті.

Бақыт деңгейі табыс деңгейіне тікелей байланысты емес. 

Қайсысы «Нағыз әке» атануға лайық?
Шенеуніктердің корпоративтен қашқан сәті видеоға түсіп қалған (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу