Қанат Ислам «қартайды»

Oinet.kz 18-02-2022 1167

Қыркүйекте 38-ге толатын Қанат Исламның «қамал алатын» қауқары бар, яғни қартая қойған жоқ. Дегенмен спорттық деңгеймен санағанда бапкерлікті немесе басқа жұмысты таңдайтын шақ. Оны мамандар тұспалдап та жеткізуде. 

Screenshot_8.jpg

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) карьерасының соңында биіктен көрінуді дәметпейді де.  Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WorldBoxingNews редакторы Фил Джей осындай пікір білдіріпті. Қанат 21 қаңтарда АҚШ-тың Плант-Сити қаласында британиялық Джимм Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасуы керек болатын. Алайда Covid-19 ошақтарының көбеюіне байланысты жекпе-жек 25 ақпанға ауыстырылған. «Қанат Ислам үлкен жекпе-жектер туралы ойламайды да. Қазір оның мақсаты басқа. Жылына бір айқас оған жеткілікті. Ол енді өзінің промоутерлік компаниясын жарнамалап жүр немесе басқа мақсаты бар. Ал чемпиондық айқас туралы ойламайтыны анық. Алдағы жекпе-жек оның карьерасындағы соңғылардың бірі деген ойдамын. Рингте тағы бір-екі рет көретін шығармыз, бірақ, оның уақыты келді», – дейді Джей.

Осы арада айта кетелік, Қазақстан құрамасының боксшылары 18 және 23 ақпан аралығында Болгариядағы "Странджа" деп аталатын 73 халықаралық турнирге қатысады. Бұл Қазақстан құрамасы боксшылары үшін 2022 жылдағы бірінші ірі турнир. Болгарияға баратын кіл мықтылардың қатарында әлем чемпионатында күміс жүлде алған, «Маятастық машина», «Қазақтың Ломаченкосы» деген атқа ие болған Махмұт Сабырхан да бар. 

Ерлікті жастар жасайды. «Парасат» пікірталас клубының жұмысы Мемлекет басшысына баяндалды
Мәжіліс депутаттары Түркістан халқымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу