«Amanat» партиясы атқарушы хатшысының өңірлердегі кездесуі Түркістаннан басталды

Oinet.kz 06-04-2022 579

Бүгін облысымыздың бір топ зиялы қауым өкілдері Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловпен кездесті. Хатшы партияның жаңару, жандану аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, еркін форматта пікір алмасты. 

Screenshot_1.jpg

Келелі жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған елімізге белгілі сазгер, профессор, ұстаз Бекжігіт Сердәлі партияның жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар өзекті мәселелерді оның ішінде талантты жастарды қолдау, оларды қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстыру, ән, күй сапасын жақсарту мақсатында шығармашылық кеңес құру сынды ұсыныстарын жеткізді.

Screenshot_2.jpg

Вице-премьер қай сала қызметкерлерінің жалақысы артатынын айтты
Мейрамбек Беспаев қазақтарды алдап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу