Ordabasy: Темірланда демалыс алаңшалары көптеп салынуда

Oinet.kz 02-05-2022 831

Screenshot_2.jpg

Бүгін аудан орталығы - Темірланда Қажымұқан ауылдық округі әкімдігі мен ауыл белсенділерінің ұйытқы болуымен “Birlik” аллеясы ашылды. 

Ораза айт мерекесімен тұспа-тұс келген игілікті шараға аудандық Мәслихат хатшысы Қасымбай Әбдіхалық, аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейтқұл, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысып, жақсы бастамаға құтты болсын айтты. 

"Тұрғындардың демалысына, бұқаралық спортпен айналысуына ыңғайлы етіп жасалынған бұл аллеяға ешқандай да бюджет қаржысы жұмсалмады. Ауылға жанашыр азаматтардың күшімен тұрғызылды. Алдағы уақытта да аудан орталығында осындай демалыс орындары көптеп салынады деген ойдамыз", дейді Қажымұқан ауылдық округінің әкімі Илияс Тұрнияз. 

Айта кетерлігі, бүгінде Темірланда бюджет қаржысынан 4, демеушілер есебінен 2 шағын демалыс алаңшалары салынған. Жалпы қажеттілік 10 болса, 6 айда 9 алаңшаның құрылысы аяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілген. 

Ораза  айт мерекесі қарсаңында ашылған жаңа демалыс алаңшасының құрметіне ауыл тұрғындарына ас берліп, игілікті іске атсалысқан азаматтарға аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табысталды. 

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Төлеби ауданында Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіші ашылды
«Мерей мені тастап кетті» - Мақпал Жүнісова қызына қатты қапа болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу