Алматы облысында кішкентай қызды ит талап тастады

Oinet.kz 08-06-2022 689

Шабуыл Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында болды. Алабай баланың бетін, арқасы мен жамбасын тістеп алған.  Ит шабуылынан көршісі әрең құтқарып қалды, деп хабарлайды Talgarnews басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Screenshot_2.jpg

Бала аулада ойнап жүрген. Алабайдың иесі үй жануарын байлаусыз қалдырып кеткен. Ит баланың бетін, арқасы мен жамбасын тістеп алған.

Бірқатар жерін ит тістеген қыз шок алған. Туыстарының айтуынша, алабай баланың бетін, арқасын және жамбасын тістеп алған. Бетіндегі жараларды тігу керек болды. Денесінде де жаралар бар.

Иттің иесі зардап шеккен балаға емделуі үшін 30 000 теңге төлеген. Бірақ ата-ана агрессивті ит иесінің немқұрайлылығы үшін жазаны күшейтуді және пластикалық операция үшін ақша талап етті.

Ата-аналар жиналысы енді басқаша өтеді - министр
Грузиядағы қазақ қызының өлімі: Күдікті алқабилер сотынан бас тартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу