"Қазақстанда "Түркі тарихы" пәні енгізіледі": Министрлік жауап берді

Oinet.kz 27-06-2022 705

Әлеуметтік желіде еліміздегі мектептерде “Түркі тарихы” пәнінің енгізілетіні туралы ақпарат тарады. Оқу-ағарту министрлігі мектептерде бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме тастап.

Screenshot_6.jpg

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысында "Ортақ түркі тарихы", "Ортақ түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтарының жарыққа шығатыны туралы хабарланған болатын.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, мектептерде осы бағыт бойынша жаңа пәндер енгізілмейді.

"Бұл жерде әңгіме факультатив ретінде қосымша таңдауға болатын курс жайында болып отыр. Яғни оқушылар өз қалауы бойынша түркі әлемін зерттеу үшін қосымша білім ала алады”, – деп мәлімдеді министрліктен.

35 мың жыл бұрын тіршілік еткен мамонттың мумиясы табылды
Үй және көше комитеттерінің төрағалары "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС жұмысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу