Полицейлер ауылдасының ыдыс-аяғын ұрлаған ұрыны ұстады

Oinet.kz 30-06-2022 396

Screenshot_10.jpg

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның үйінде ешкім болмағандығын пайдаланып, белгісіз біреу ұрлыққа түскен. Ұры жәбірленушінің үйінен түрлі ыдыс-аяқтарды ұрлап кеткен. Тұрғынға келген шығын көлемі 60 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына бірден келді. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде күдікті ер адам жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам  ішімдік алу мақсатында осындай қадамға барған. Ол жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын пайдаланып, өзімен бірге арнайы шеге суырғыш құрылғысын апарып, ағаш есікті бұзып кірген. Сезікті ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Полицейлер оның сатқан заттарын айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысын болдырмау үшін жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Үйлеріңізге, ғимараттарға, дүкендерге арнайы бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Брифинг – ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 16 жасар қыз Алматы қаласынан табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу