Полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде

Oinet.kz 30-06-2022 365

Түркістан облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес 27-29 маусым аралығында облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын-алу, түнгі мезгілде көшеде жүру ережелері, бала еңбегін пайдалану деректерін анықтау.

Screenshot_12.jpg

Профилактикалық шара кезінде Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі уақытта аудан аумағындағы адам көп шоғырланатын жерлерді, көлік жуу орталығын, базарларды барып тексерді.

Тәртіп сақшылары ата-аналар мен балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға түнгі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүрмеуін қадағалап, балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың жүріс-тұрысын үнемі бақылауда ұстау және түнгі уақытта көшеге жібермеуге кеңес берді. Себебі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың басым бөлігі түнгі уақытта орын алады.

Айта кететін жайт бұл бағыттағы шаралар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 16 жасар қыз Алматы қаласынан табылды
Полицейлер жазғы демалыс лагерлерінде профилактикалық іс-шаралар өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу