Курортта жүрген әйелдің аяғы мен қолын акула тістеп, қайтыс болды

Oinet.kz 02-07-2022 1347

Египетте Хургада курортында демалып жүрген Австриалық туристке акула шабуылдаған деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме беріп.

Screenshot_4.jpg

Оқиға Сахл Хашиш ауданында болған.

"Турист Сахл Хашиш аймағында акуладан зардап шекті, акула оның қолы мен аяғын тістеп алған", –  деді дипмиссияда.

Куәгерлердің түсірген кадрларында жапа шеккен әйелдің жағалауға қарай жүзуге тырысқаны көрінеді. Оның айналасындағы су қызғылт түске боялған.

Турист ауруханаға түскен, алайда кейінірек агенттіктің дереккөзі әйелдің жарақаттан қайтыс болғанын хабарлады.

Сахл Хашиш ауданынан Макади Бей шығанағына дейін болған жағдайға байланысты үш күн бойы шомылуға, суға түсуге, балық аулауға және сноубордингке тыйым салынды.

Тағы бір мәліметтерге қайтыс болған Австрия азаматшасының 68 жаста болғаны айтылды. Ол мысырлық азаматқа тұрмысша шығып, онымен бірге осы елде тұрып жатқан.

Нұр-Сұлтан және Алматыдағы объектілерде бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады
Өзбекстан Қазақстанмен шекаралас Қарақалпақстандағы өткізу пунктін жапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу