Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауда

Oinet.kz 04-07-2022 389

Түркістан облысы аумағында полиция қызметкерлері   жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жолаушылар тасымалымен ұдайы айналысатын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында «Автобус» профилактикалық шарасын ұйымдастырды. 

Screenshot_12.jpg

Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы көшелерге рейдтік шара жүргізді. Бұл іс-шара кезінде қоғамдық 5 автокөлік, «Тайота Альфард» маркалы қоғамдық көліктер және балаларды балабақшаға таситын кіші автобустар тексерілді. Оларға «Автобус» шарасын түсіндіріп, заңға қайшы келетін көліктің құжаттары тексеріліп, орын алған құқық бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін 2 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», көлігіне қосалқы бөлшек қосқаны үшін, яғни заңсыз талапқа сай келмейтін орындық қосқаны үшін 1 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жүйелі түрде өткізіп жатқан бұл алдын алу шаралары жол-көлік оқиғаларының  жолын кесіп, санын азайтады деп сенеміз. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қару сақтау ережесін сақтамаған 3 тұрғын жауапқа тартылды
8 бас жылқының етін алдап алып, алаяқтық жасаған әйел ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу