Полицейлер жазасын өтеп жүрген шымкенттік ер адамды ірі көлемді есірткімен ұстады

Oinet.kz 08-07-2022 633

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Сайрам АПБ-ның полицейлері бірлесіп, аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған  күдікті ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, полицияға тұрғынның бірі өзімен есірткі алып жүр деген ақпарат келіп түсті. Осы бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды.

Screenshot_4.jpg

Жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде Сайрам ауданының Ақсукент ауылында күдікті мінген «Тойота Камри» маркалы көлік тоқтатылды. Тәртіп сақшылары автокөліктегі күдікке ілінген жолаушыны тінту кезінде, одан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік тектес затты тапты. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 1,2 келіден асатын «марихуана» есірткісі болып шықты. Сонымен қатар күдіктінің шартты түрде жазасын өтеп жүргені және осыған қарамастан қайта заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыс жасағаны белгілі болды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкенттік ер адам қамауға алынды. Бүгінде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Тәртіп сақшылары азаматтарға салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бас тартуға кеңес береді. Егер де, сіз, есірткінің заңсыз айналымына байланысты ақпарат білсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер 1 күнде заңсыз ойын бизнесінің 2 дерегін анықтады
Асқар Ақаев Қазақстан не себепті қарыштап дамитынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу