«Зілзала жаршысы» деп аталатын ұзындығы 5 метрге жуық алып құбыжық (балық) ұсталды (фото)

Oinet.kz 18-07-2022 1700

Чилиде "зілзала жаршысы" аталатын, ұзындығы 5 метрге жуық "Майшабақ патшасы" ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Мамандардың сөзіне сенсек, бұл балық теңіздің түбінде өмір сүреді. Судың бетіне қандай да зілзала, апат, дауыл, тектотиналық қозғалыс немесе ауру пайда болар кезде шығады. 

Жергілікті билік балықтың мыңдаған метрді артқа тастап, жоғарыға шығуының себебін анықтамақ.  

Аңызға сәйкес, мұндай балықты ұстаған адамды қарғыс ұрады. Жалпы бұл балық катаклизмнің басталуы мен тыныш, жайлы өмірдің аяқталуын білдіреді деген наным бар.

Screenshot_8.jpg

Ал TikTok қолданушылары жақында жер сілкінісі, цунами болады, сондықтан алдын ала қамдану керек деп қалжыңдауда. Ірі балықтың ұсталған видеосы.

«Қолдан қойылған қойылым»: Жетінші қабат терезесіндегі сәбиді құтқару қойылым болуы мүмкін
"AMANAT": Қоғамдық қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесі маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу