«Назарбаевқа талай ескерту жасадым, бірақ тыңдаған жоқ»: Серік Әбдірахманов

Oinet.kz 18-07-2022 4648

Экс-Президент Назарбаевтің кеңесшісі, экс-депутат Серік Әбдірахманов Youtube желісінде "Сұрауы бар" бағдарламасына берген сұхбатында Назарбаевқа талай ескерту жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_15.jpg

Бұрынғы депутат әрі кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі қызметін атқарған Серік Әбдірахманов тұңғыш президентке бұрын талай ескерту жасағаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол “Сұрауы бар” Youtube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

“Назарбаевтың жақсылығынан қиянаты асып кетеді. 1993 жылы парламентте мынадай сөзді ұран етіп тастадым: “Қазақстанның бай жерінде халықты жүдету қылмыс!”. Біз Катар, Кувейт елдерінен бай мемлекетпіз. Жер байлағымызға ешкім таласа алмайды. Біз Эмираттардан артық тұруымыз керек еді. Осының барлығын Назарбаев ұрлады ғой”, - дейді бұрынғы шенеунік.

Президент болу үлкен жауапкершілік екенін еске салған Әбдірахманов, өзінің Назарбаевтың кеңесшісі болып жүрген уақытта онымен жеке кездесіп, қыздары туралы айтқанын жеткізді.

“Ол өзі мені шақыратын. “Серік, айтшы, халық не дейді?” – деп. Мен алдын ала “ренжімейсіз бе?” деп сұрап алатынмын. Сосын қыздары туралы айтқанмын. Бір беделді жанында жүрген біреу қыздарына “Таугүл” мөлтек ауданынан екі коттедж сыйлапты деп. Бірақ ол “Жоқ, Серік, мен ондайға жібермеймін” деді. Кейін бірақ естідім, сол екі коттедж сатылып, қыздары алған екен. Тура сол отырыста тағы бір жайтты айттым. Сол күнге жоспар құрып барған жазуларым әлі күнге дейін бар. “Нұреке, алтыншы қабатпен дипломаттар жасыл қағазбен тасып жүр деген ел арасында сөз тарап жатыр” дедім. Ол кезде де “Жоқ, мен ондайға бармаймын” деген. Бұл 1994 жыл еді”, - деп қосты саясаткер.

Әбдірахманов Назарбаевқа кезінде талай ескерту жасағанын айта келе, тұңғыш президентті кінәлауға өзінің құқы бар екенін айтады. 

“Ол менің адалдығымды көрді. Сол себепті мен 2007 жылы депутаттықтан кеткенге дейін талай нәрсені айтып отырдым. Құдалары туралы, Рахат, Тимур Құлыбаев па, бәрі туралы. Жанында жүрген адамдардың тек ұрлықпен жүргенін де айттым. Кәрімнің [Кәрім Мәсімов – ред.] орнына мені Қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп қойыңыз, генералдарыңызды шынжырлап тұрып алдыңызға алып келемін дедім де. Үндемеді. “Жағдай қиын болады. Бір жағдай болып қалса, жаныңыздан табылатын адам болмайды” деп Назарбаевқа талай айттым, талай жаздым. Құлақ аспады. Сондықтан арым таза”, - дейді ол.

Балабақша қызметкері көлігімен алты баланы қағып кеткен
Летний гардероб: секреты идеального выбора
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу