Иван Дычко америкалық боксшыны жеңді

Oinet.kz 11-05-2019 980

Screenshot_4.jpg

Ауыр салмақтағы отандасымыз Иван Дычко (8-0, 8 КО) америкалық боксшы Рэя Остинді (29-10-4, 18 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Флоридада өткен жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Остин жұдырықтасуды жалғастырудан бас тартты.

29 жастағы Дычко жекпе-жектерінің барлығын АҚШ-та өткізіп келеді. Кәсіпқой боксқа ол 2017 жылдың қыркүйек айында ауысқан болатын. Иван Дычко Олимпиада-2012 және 2016-ның қола жүлдегері.

Ал, 48 жастағы Остин үшжылдық үзілістен кейін ақпан айында рингке оралған. 2007 жылы IBF титулына таласып, украиндық Владимир Кличкодан нокаутпен ұтылған.

Эффективность кабинетов министров Казахстана за годы независимости: эмпирическая оценка
Назарбаев ресейлік өзбек милиардерін орденмен марапаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу