Қарағанды облысында қаңтар оқиғасында мерт болған сарбазға ескерткіш орнатылды

Oinet.kz 24-08-2022 570

Қарағанды облысындағы Шахан ауылында қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған Әділ Нұркеновке ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ekaraganda порталына сілтеме жасап. 

Screenshot_23.jpg

"Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған сарбаздардың біріне Шахан ауылында ескерткіш қойылды. Дәл осы жерде Әділ Нұркенов туып-өскен. Келісімшарт бойынша қызмет еткен сарбаз Талдықорғанда құпия құжаттарды эвакуациялау кезінде жарақат алған", – делінген хабарламада. 

Ауыл әкімі Ғалым Өмірбековтің сөзінше, ескерткіш орнату туралы идея қаңтарда туындаған. Нәтижесінде жергілікті демеуші Сапар Ибкеевтің қаржысына жоба жүзеге асырылған. 

Жатақханаларға мониторинг жүргізілді
Доллар арзандап жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу