Үш жасар баласын бала күтуші ұрып өлтірген

Oinet.kz 20-09-2022 609

Талдықорған қаласында үш жасар ұлды күтушісі өлімші етіп сабап, сәби ауруханада көз жұмған. Бұл туралы баланың анасы жергілікті белсенді журналист Сандуғаш Дүйсеноваға әлеуметтік желі арқылы берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат Талдықорған қаласының әлеуметтік желідегі белсенді тұрғыны, журналист Сандуғаш Дүйсенованың парақшасында жарияланды.

Орта жастағы келіншек Мадина Таукенованың айтуынша, ол бала күтушіні OLX сервисі арқылы тапқан. Белгілі болғандай, ол күтушіге екі баласын күні-түні қалдырған. Бала күтімінің ақысын төлей алмаған соң Қарлығаш есімді әйел Мадинаның балаларын оған бермей, үйінде қамап ұстаған.

«13 қыркүйек күні кіші ұлым Захар бір жасқа толды. Ал осы қаза тапқан ұлым мамырда үшке толған. Үлкен қызым интернатта тұрып, сабақ оқиды», - деп мәлім етті Мадина Таукенова.

Оқиғаның қалай болғанын баяндай келе ол баласының өліміне Қарлығаш есімді күтушінің үлкен қызы кінәлі деген сарында мәлімдеме жасады.

«Кіші ұлым бір жасқа толғанда күтуші звондап, оның туған күнін атап өткім келетінін айттым. Қолхат жазып берейін, туған күнінде алып кетейін дедім. Қарлығаш маған телефон соғып, біраз ақша қарызсың, қашан бересің деді. Мен ақша болмай жатқанын айтып, күте тұр дедім. Тағы да сол қолхат жазып берейін, Дэвид пен Захарды көрсетші, сағындым дедім. Сенбеймін, бермеймін деді. Мен қатты сағынғанымды айттым», - дейді әйел

Мадина Таукенова өзінің үйі, ақшасы жоқ екенін және ата-анасы жоқ екенін айтқан. Ақшасы болмаған соң, интернеттен тапқан бала күтушіге екі ұлын қалдырып, өзі Талдықорған қаласындағы қонақ үйлер мен әртүрлі мекемелердің еденін жуып, ақша тапқан.

«12 қыркүйек күні телефон соғып, бала қатты ауырып жатыр деді. Баланың дене қызуы көтеріліп жатыр деді. Барып қарасам, бетінің сау жері жоқ, құлағына дейін көгерген, қолы тастай, баламның аузы ашық, көзі ашық, ес түссіз жатыр екен. Олар маған біресе ваннада құлап қалды деді, біресе, талып құлады деді. Қарлығаш «полиция келсе, мені бала күтуші деп айтпа, туысқан тәтем деп айт» деді. Баланы ұрдыңыздар ма деп едім, «жоқ» деді. Баланы өзім ауруханаға апардым, дәрігерлер қабылдап алып, сыртта күтіңіз деді. Көп уақыт өтпей, шамамен жарты сағаттан кейін дәрігер шығып, «иманды болсын, бала көз жұмды» деді. Мен өз құлағыма өзім сенбей, баламды көрсетіңіздер дедім. Әлі де болса баламнан айырылып қалғаныма сене алар емеспін», - дейді ол.

Сандуғаш Дүйсенованың жеке парақшасындағы мәліметке сүйенсек, қазір баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны қолға түскен. Бірінші қамауға алынса, кейін сот оны үй қамаққа босатқан. Қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағы бойынша тергеу басталған.

Azattyq Ruhy Жетісу облысының полиция департаментінен қосымша мәлімет сұратты.

Ақтөбеде 3 жасар бала балконнан шығып кеткен
Шымкентте заңгерлер халыққа тегін кеңес берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу