Шымкентте колледж жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылды

Oinet.kz 22-09-2022 857

Шымкент қалалық коледжінің бірінің жатаханасына 1-курс студентінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_13.jpg

22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

“Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған. Дәрігерлер жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді”,- делінген хабарламада.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Түркістанда «Цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту» атты дөңгелек үстел өтті
Түркістан қаласына ҚР ІІМ-нің орынбасары Ержан Саденов қызметтік іссапармен барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу