«Тәуекелге барғым келмеді»: Соғыстан қашқан Ресей азаматы Қазақстанға қалай келгенін айтып берді

Oinet.kz 23-09-2022 812

ВВС-ге сұхбат берген Андрей есімді Ресей азаматы Қазақстан шекарасынан қалай өткені жайлы айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Андрей шекарадан мобилизация жарияланған соң, 21-нен 22-не қараған түні өтіп, Қазақстанға келген.

"21 қыркүйекте таңғы 9:00-де оянып, президенттің үндеуін тыңдадым. Сағат 10:30-да екінші пәтерге барып, заттарымды жинадым. Сағат 14:00-де Челябинскке ұшып, сол жақтан автобуспен шекараға бардым. Мобилизацияға ілігетінімді нақты білмеймін, бірақ тәуекелге барғым келмеді", – деді ол.

Сөзінше, ол Қазақстанға Қостанай маңындағы "Бугристое" бекеті арқылы өткен. 

"Біз кезекте тұрғанда тексеріс басталды. Автобуспен бардық, ал кезекте 100 көлік болды. Әрі шекарадағылардың барлығы жігіттер еді. Кейбірі құрбысымен немесе әйелімен келген. 90%-ы жастар", – деп қосты ол.

Андрей Ресей шекарасынан өту үшін 1-1,5 сағат қажет екенін айтады. Ал шекарашылар билетті қашан сатып алғанын сұраған. 

"Әскери мамандықты және мобилизация туралы сұрады. Әр адамды 7-10 минут ұстайды. Кей жігіттерді қосымша тергеуге алып кетті. Бірақ ешкімнен әскери билетті сұраған жоқ", – дейді Ресей азаматы. 

Ол әзірге Ресейге қайтуды жоспарлап отырмағанын қосып өтті. 

"Қазақстандық шекарашылар "Босқын секілді қайда қаштыңдар" деп қалжыңдайды. Наурыздың басында Қазақстанға 6 айға кеткенмін. Кейін 1 айға Мәскеуге, ата-анамды көруге бардым. Енді қайта қашуға тура келді", – деп түйіндеді ол.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау (мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойған еді. 

Оның сөзінше, бұл Ресейдің егемендігі мен біртұтастығын сақтау үшін жасалған. Сонымен қатар әскери қызметке барлық азаматтар емес, запастағы әскерилер шақырылады.

Выявлены необоснованные требования
«Қаза тапқан бесінші адам»: Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан медбике көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу