Түркістандық рухтастардың насихат жұмыстары қарқынды

Oinet.kz 22-10-2022 317

Screenshot_14.jpg

Орталық сайлау комиссиясының жоспарына сәйкес, 21 қазан күні сағат 18.00-ден бастап елімізде кезектен тыс прездент сайлауының үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осы орайда бүгін Қ.А.Ясауи кесенесінің маңында, әкімшілік-іскерлік орталықта, «Есім хан» алаңы мен «Жаңа қала» шағынауданында үгіт-насихат құралдары таратылатын болады. Сонымен қатар, өңірдегі аудандарға да үгіт құралдары жөнелтілді. 

- Өңір белсенділері осыған дейінгі саяси науқандарға мол үлес қосып келді. Биылғы президент сайлауының үгіт-насихат жұмыстарына да ерекше ынтамен кірісіп кетті. Яғни облыстың әр аймағынан жасақталған 600-ден астам белсенді азамат Жаңа, әділетті Қазақстанды құруға атсалысып жатыр деуге болады. Себебі, мемлекетіміздің дамуына жастар саясатының да қосар үлесі мол, - дейді «Jastar ruhy» ЖҚ Түркістан облысы бойынша филалының төрағасы Жансерік ЖҰМАН.

Айта кетейік, бұл жұмыстарды сайлауалды үгіт-насихат науқанын ерекше қарқынмен бастаған “Jastar ruhy-ның” түркістандық 600-ден астам белсендісі атқарып жатыр. Барлық еріктілер қажетті жабдықтармен және арнайы формамен қамтылған.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Заманауи жабдықтар мыңнан аса сиырды 3,5 сағатта саууға мүмкіндік береді
Түркістанда Қ.К.Тоқаевты қолдауға арналған қоғамдық штаб құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу